Головкиннің промоутері Лимен жекпе-жек шарттарын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - К2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлер ирландиялық боксшы Энди Лиді құрметтейтінін айтып, Геннадий Головкинмен болуы ықтимал жеке-жек шарттарын мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Ли Головкинмен жұдырықтасуға келісім берген санаулы орта салмақтардың бірі. Алайда Геннадийдің әкесі қайтыс болып, жекпе-жек болмады. Бірақ, Эндиді осы үшін қатты құрметтейміз», - деді Леффлер.

Сонымен бірге, промоутер 18 наурыз күні Головкин мен Ли жеңіске жеткен жағдайда, жекпе-жек болуы мүмкін екенін айтты.

Еске сала кетсек, Энди Ли Головкин - Джейкобс бокс кешінің андеркарды аясында рингке шығады. Оның қарсыласы америкалық Кеандре Лезервуд болмақ.

Соңғы жаңалықтар