Головкиннің промоутері телесеріктестермен келісімшарт жасалғаны туралы мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Том Леффлер оның клиенті, бірқатар тұжырымдар бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен келісімшарт жасағаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.

Таяуда бұл туралы HBO телеарнасының сарапшысы Рикардо Селис мәлім еткен болатын. Бұдан бөлек, GGG-дің DAZN-мен келісімшарт жасағанына Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя твиттерде астарлап айтты. Алайда, Леффлер бұл ақпараттың мәселе шешілмей жатып жеткізілгенін атап өтті.

«Геннадий шешім қабылдаған кезде ресми мәлімдеме жасайды. Ресми анонсты күткендеріңіз дұрыс. Қазір ол үлкен сұранысқа ие тәуелсіз агент. Ол қандай платформаға барса да үлкен құндылық әкеледі», - деген промоутердің сөзін келтіреді Boxingnews24.com.

Соңғы жаңалықтар
telegram