Головкиннің промоутері WBC директорлар кеңесіне сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік боксерлер кеңесі промоутерлердің дауыс беруі арқылы WBC директорлар кеңесіне олардың өкілін мүше қылып сайлады.

Головкиннің промоутері WBC директорлар кеңесіне сайланды

Ол - «K2 Promotions» компаниясының атқарушы директоры, Геннадий Головкиннің промоутері - Том Леффлер болды, делінген GGG-нің ВКонтактедегі жеке парақшасында.

«K2 Promotions» компаниясы 2003 жылы Лос-Анджелесте құрылған. 2004 жылы сәуірде Леффлер басты кездесу - Виталий Кличко мен Корри Сандерстің жекпе-жегі болған алғашқы шоуын ұйымдастырды. Ол жолы Виталий оңтүстікафрикалық қарсыласын 8 раунда жеңген болатын.

«K2 Promotions» соңғы 10 жылда «Staples Center», «Mandalay Bay», «Мэдисон сквер Гарден», «Арена O2 World» сынды танымал ареналармен бірлесе жұмыс жасайтын ең атақты промоутерлік компаниялардың біріне айналып үлгерді.