Головкиннің соққысы кез келген ауыр салмақты боксшыдан асып түседі - Джулиус Джексон

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің спарринг қарсыласы Джулиус Джексон қазақ боксшысымен болған жаттығулар жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

  Головкиннің соққысы кез келген ауыр салмақты боксшыдан асып түседі - Джулиус Джексон

Сонымен қатар ол 18 наурызда Нью-Йоркте Дэниэл Джейкобспен болатын жекпе-жекке қатысты өз ойларымен бөлісті.

«Мен ауыр салмақтағы боксшылармен спарринг өткіздім, Головкин оларға қарағанда ауыр соққы жасайды. Мен өмірімде жұдырықтасқан кез келген қарсыластың соққысынан да күшті. Оның соққысы аттың тебісінен кем емес. Оның Джейкобспен болатын кездесуі керемет өтеді. Джейкобс өте мықты боксшы, онымен санасу керек. Ол керемет боксшы. Ол GGG үшін бұрын-соңды болмаған, ең ауыр қарсылас болады. бірақ мен оған 9-10 раунд қана беремін», - деді Джексон ESnewsreporting.com сайтына берген сұхбатында.