Головкиннің соңғы жекпе-жегі «Қазақстан» арнасына жылдық рейтинг әкелген

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» және «Қазспорт» арналары үшін 11 қыркүйек күні таңға жақын басталған Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы жекпе-жек 2016 жылдағы ең рейтингті трансляция болған.

Головкиннің соңғы жекпе-жегі «Қазақстан» арнасына жылдық рейтинг әкелген

Бұл туралы бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанқызы мәлім етті.

«11 қыркүйек күні таңға жақын басталған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық Келл Брук арасындағы жекпе-жек «Қазақстан» телеарнасы үшін 2016 жылдың ең рейтингті трансляциясына айналды»,-дейді Н.Мұхамеджанқызы.

Айта кетейік, осы жылдың ең қызық жекпе-жектерінің бірі - Головкин мен Брук арасындағы жекпе-жек 11 қыркүйек күні сағат 03.30-да басталып, Головкинннің жеңісімен аяқталған болатын. Осылайша, Геннадий Головкин IBO титулын 14-ші рет, IBF титулын екінші рет, WBC титулын алғаш рет қорғады. Бұл жекпе-жегіндегі жеңісі үшін Головкин 3 млн фунт немесе 4 млн доллар гонорар алды.

Ал, Н.Мұхамеджанованың айтуынша, 6-22 тамыз аралығында «Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары 218 трансляция жүргізген екен. Трансляциялардың жалпы хронометражы 432 сағатты құраған.