Головкиннің спорттық жолындағы үздік жеңісі аталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxrec.com сайтында пайдаланушыларға қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) үздік жеңісін таңдауға дауыс беру аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.
Головкиннің британдық Келл Брукке (36-1, 25 КО) қарсы айқасына 32% оқырман дауыс берген. Одан кейін GGG-ның канадалық боксшы Давид Лемьемен (36-3, 32 КО) жекпе-жегі, ол 21% дауыс жинады. Үшінші орында британдық Мартин Мюрреймен (34-4-1, 16 КО) кездесуі.
Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында келесі жекпе-жегін өткізеді деп күтілуде. Оның қарсыласы - америкалық бокшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО).