Головкиннің тәлімгері Sports Illustrated нұсқасы бойынша жыл бапкері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің тәлімгері Абель Санчес жылдың үздік бапкері ретінде Sports Illustrated басылымының наградасына лайық деп танылды, деп хабарлады Sports.kz.

Головкиннің тәлімгері Sports Illustrated нұсқасы бойынша жыл бапкері атанды

Сондай-ақ, бұл номинацияда жеңіске Сауль Альварестің тәлімгері Эдди Рейносо, Тайсон Фьюридің бапкері Питер Фьюри, өз ұлымен жұмыс істейтін аға Флойд Мейвезер, Скотт Куигг бапкері Джо Галлахер үміткер болды.

Басылым журналистері Санчесті таңдауды жөн санады, себебі Головкин оның тәлімгерлігімен әлемдегі үздік боксшылардың бірі атанды.