10:01, 14 Шілде 2017 | GMT +5
Головкиннің титулына үміткер 25 тамызда анықталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиналық Сергей Деревянченко (10-0, 8 КО) мен багам боксшысы Туреано Джонсон (20-1, 14 КО) арасындағы жекпе-жектің өтетін күні мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу 25 тамыз күні АҚШ-тың Майами қаласында өтеді.
Бұл айқас IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына міндетті үміткер атағы үшін болады. Бұл атақты қазіргі уақытта қазақстандық Геннадий Головкин иеленуде.