Головкиннің ықтимал қарсыластары Альварес пен кіші Чавес жекпе-жегінің билеттері түгелдей сатылып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingscene.com сайтының хабарлауынша, барлық билет - 20 мыңнан астам мексикалық Саул Альварес «Канело» (48-1-1, 34 КО) мен Хулио Сесар кіші Чавестің (50-2-1, 32 КО) жекпе-жегіне сатылған.
- Міне, өздеріңіз де көріп тұрсыздар, керемет айқасты көруге құмартушыларды. Небәрі он күннің ішінде Лас-Вегастағы ең ірі бокс аренасына барлық билеттерді сатып үлгердік»,- дейді промоутер Канело Оскар де ла Хойя.
Айта ктер болсақ, бұл айқастың жеңімпазы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) қарсыласы атанады.