Головкиннің жанкүйерлері шыңдарды бағындыруда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияда Геннадий Головкиннің америкалық жанкүйерлерінің бірі Йосемитск ұлттық паркіндегі таулардың біріне шығып, онда GGG фирмалық кепкасын суретке түсірді.
«GGG-мен бірге биік шыңдарды бағындыру. #КанелоГоловкин», - деп жазды Лука Милисенда Твиттерде.
Еске салайық, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын. Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда жекпе-жектің тікелей көрсетілімі 17 қыркүйекте таңертең болады.