Головкиннің жеңісіне сенетіндер азайып келеді - сауалнама

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxing Kingdom кезекті сауалнаманың қорытындысын жариялады. Сайттың оқырмандары Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын таңдаған болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Порталдың мәліметіне сәйкес, GGG-дің жеңісіне сенетін фанаттардың саны азайып келеді. Себебі алғашқы сауалнамада жанкүйерлердің 80 пайызы Геннадий Головкинге, ал қалған 20 пайызы Сауль Альвареске дауыс берсе, ағымдағы жылдың басында аталған көрсеткіш 60/40 болып өзгерді. Соңғы сауалнама бойынша Головкиннің жеңісіне сенетіндер 57 пайызға дейін төмендеді. "Канелоға" фанаттардың 43 пайызы дауыс берген.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар