Голубев әлемдік рейтингте бірден бес сатыға жоғарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Андрей Голубев ATP рейтингісінде 5 сатыға көтерілді.
Қазір ол 59-орынға табан тіреп отыр. Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин бұрынғысынша 56-орында қалды. Александр Недовесов 76-орыннан 77-орынға сырғыды, Евгений Королев болса, 449-дан 451-ге дейін төмендеді.
Рейтингтің көш басында испандық теннисші Рафаэль Надаль тұр, одан кейінгі орында серб Новак Джокович бекіген. Үшінші орында Станислас Вавринка, төртінші - Роджер Федерер.
АТР рейтингі. Үздік ондық: 1 . Рафаэль Надаль (Испания) - 13 730 ұпай, 2 . Новак Джокович (Сербия) - 11 680, 3 . Станислас Вавринка (Швейцария) - 5760, 4 . Роджер Федерер (Швейцария) - 5355, 5 . Томаш Бердых (Чехия) - 4720, 6 . Давид Феррер (Испания) - 4640, 7 . Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) - 4260, 8 . Энди Маррей (Ұлыбритания) - 4040, 9 . Джон Изнер (АҚШ) - 2715, 10 . Ришар Гаске (Франция) - 2635.