Голубев пен Грот «Ролан Гаррос» турнирінің ақтық сынына өте алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Андрей Голубев пен аустралиялық спортшы Сэмюэл Грот Франция ашық біріншілігінің жұптық сынында финалға алар жолдамадан қағылды.
None
None

Жартылай финалда олар франциялық Жюльен Беннето- Эдуар Роже-Васлен жұбынан 6:3, 3:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды. Кездесу 1 сағат 46 минутқа жалғасты. Андрей Голубев Ролан Гаррос турнирінде жарысты жалғастырып келе жатқан соңғы қазақстандық болатын.

Еске сала кетейік, үшінші айналымда Голубев пен Грот қарсыластары Джек Сок (США) пен Жоао Соуза (Португалия) жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңген. Ширек финалда олар Лукаш Кубот/Роберт Линстедт поляк-швед жұбын 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар