Голубев Швецияда челленджер финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 жастағы қазақстандық спортшы Андрей Голубев теннистен Йёнчёпингте (Швеция) өтіп жатқан челленджердің финалына шықты, деп жазады спорт.кз.
Жартылай финалда Андрей 32 жастағы голландық теннисші Матве Мидделкопты 6:2 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық спортшы ресейлік теннисші Карен Хачановпен ойнайды.