Гондурас әлемдегі ең үлкен «тірі» шырша дайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гондурастың астанасында президент сарайына қарама-қарсы бетте 3000-ға жуық адам алып ағаштың формасында сапқа тұрды.

Гондурас әлемдегі ең үлкен «тірі» шырша дайындады

Олар әлемдегі ең үлкен «тірі» шыршаны осылай әзірледі, деп хабарлады RT. Небәрі 6 минутқа созылған бұл акция рождествоға арналған шаралардың басталғанын білдіреді. Оның нәтижесі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Осыған дейінгі рекорд 2013 жылы Аргентинада орнатылған болатын. Онда оған екі мың адам қатысқан еді.