Гондурас конгресі республика басшысының міндетін атқарушыны тағайындады

МӘСКЕУ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Гондурас Парламенті бір палаталы Ұлттық конгресс ел президентінің міндетін уақытша атқарушы Роберто Мичелеттиді өзінің төрағасы етіп тағайындады.

Гондурас конгресі республика басшысының міндетін атқарушыны тағайындады

 Бұған дейін конгресс мемлекет басшысы Мануэл Селайды «отставкаға» жіберу туралы шешім қабылдаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Кеше гондурастық әскерилер ел Жоғарғы сотының санкциясымен Селайды тұтқындады және оны Коста-Рикаға шығарып салды. Қарулы күштер өкілдерінің хабарлағанындай мемлекет басшысын тұтқындауға мемлекет басшысын заңсыз қайта сайлау өткізу туралы оның жоспары себеп болған.