Гондурас түрмесіндегі бүлік: 18 адам қаза тауып, 15-сі жараланды

МЕХИКО. ҚазАқпарат – Гондурастың Тела қаласындағы түрмеде жұма күні кешке тұтқындар арасында болған қақтығыс салдарынан 18 адам қаза тауып, 15-сі жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат La Prensa газетіне сілтеме жасап.

Гондурас түрмесіндегі бүлік: 18 адам қаза тауып, 15-сі жараланды

Басылымның жазуынша, келеңсіз оқиға кезінде тұтқындар тапанша пайдаланған. Билік түзету мекемесіндегі жағдайды бақылауға алды. Қақтығыстың себебі әзірге хабарланған жоқ.