Гондурас түрмесіндегі өрттің салдарынан қаза тапқандар саны 272-ге жетуі мүмкін

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Гондурас түрмелерінің бірінде ірі өрт болып, соның салдарынан қамаудағы ондаған адам қаза тапты, тағы 40 адам жарақаттанды, деп хабарлайды РБК.

Гондурас түрмесіндегі өрттің салдарынан қаза тапқандар саны 272-ге жетуі мүмкін

Гондурас ұлттық пенитенциарлық жүйесінің басшысы Данило Ореллана өрттің 15 ақпан, сәрсенбіге қараған түні Комаягуа қаласында орналасқан түрмеде пайда болғанын айтып берді. Ресми емес мәліметтер бойынша, өрт салдарынан қаза тапқан адамдар саны 272-ге дейін жетуі мүмкін.

Қазіргі кезде елдегі билік болған оқиға бойынша тергеу жүргізумен айналыса бастады. Қазір оқиғаның болуының екі нұсқасы бар: өрт қамаудағы адамдар жасаған тәртіпсіздік салдарынан, немесе токтың қарапайым қысқаша тұйықталуы салдарынан пайда болды.

Гондурас астанасынан солтүстікке қарай 140 шақырым жерде орналасқан жанып кеткен түрмеде кем дегенде 800 тұтқын болды. Өкімет орындары олардың өрт кезінде қашып кетуінен қорқып отыр.