Гондураста полицейлердің киімін киген ер адамдар 10 адамды өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гондурас астанасы Тегусигальпеде полиция қызметкерлерінің киімін киіп алған қылмыскерлер шабуылының салдарынан кем дегенде он адам қаза тапты.
Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Бес қаскүнем бильярд клубына қарай көлікпен келе жатып, жолда оған келушілерге АК-47 автоматтары мен мылтықтардан оқ атты.
Оқиға салдарынан сегіз адам сол жерде мерт болды, тағы екеуі кейінірек ауруханада көз жұмды. Күн сайын Гондураста есірткі картельдері мен бандалардың арасындағы аумақтық даулардың салдарынан орташа есеппен алғанда 16 адам қаза табатыны атап өтіледі.