Гондураста салмағы 15 тонна кокаин тәркіленді

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Гондурас полициясы ел тарихында ең ірі кокаин партиясын тәркіледі, бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Гондураста салмағы 15 тонна кокаин тәркіленді

Журналистердің мәліметтерінше, есірткі кем дегенде 15 тоннаны құрайды. Бұл жүк Йоро департаментіндегі ферманың жерасты туннельдерінен табылған.

  Гондурас Құрама Штаттарға есірткі контрабандасының ірі транзиттік бекеті болып табылады. АҚШ-та кокаиннің бұл мөлшерінің нарықтық бағасы 2 миллиардқа жуық долларды құрайды.