Гондураста тосқауылдар тұрғызылуда
МӘСКЕУ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Тағынан тайдырылған Гондурастың президенті Мануэль Селайяның жақтастары Тегусигальптың орталығында тосқауылдар тұрғызуда және президенттік сарайға барар жолды қоршап алған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Гондурастың астанасында екі күнге коменданттық сағат енгізілді. Мемлекет басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған парламент төрағасы Роберто Мичелетти осындай шешім қабылдады.