Гондурастағы аяқ киім фабрикасында 15 адам оққа ұшты

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Қылмыскерлер Гондурастағы аяқ киім фабрикасындағы жұмыскерлерге қарсы оқ атты, соның салдарынан 15 адам мерт болып, тағы 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды Associated Press жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап.
None
None

Калашников автоматымен қаруланған адамдар көлемі жағынан Гондурастан кейінгі Сан-Педро-Сула қаласындағы шағын аяқ киім фабрикасының ғимаратына баса-көктеп кірген. Оқиға болған сәтте, фабрикада 23 адам жұмыс жасап жатқан еді, солардың 15-і қаза тауып, қалғандары жараланды.
Түрлі мәліметтерге қарағанда, фабрикаға екі немесе төрт адам қастандық жасаған. Қылмыстың себебі әзірге анықталған жоқ. Гондурастағы ұлттық полицияның ресми өкілі Сан-Педро-Суладағы оқиғаны «қасапхана» деп бағалады және құқық қорғау органы қылмысты жедел түрде ашуға қолда бар мүмкіндіктің бәрін де пайдаланады, деп уәде етті.

Соңғы жаңалықтар