Гондурастың уақытша басшысы елдің экс-президентімен кездеспекші
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Гондурастың уақытша басшысы Роберто Микелетти бас сауғалап жүрген, елге оралған президент Мануэль Селаймен кездесуге даяр екендігі туралы мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Уақытша әкімшіліктің басшысы мұндай кездесудің шарты ретінде қарашаның 29-ында өтетін президенттік сайлаудың өткізілуіне Селайдың келісімін атап өтті.