17:01, 12 Шілде 2022 | GMT +5
Гонконг билігі КВИ жұқтырғандарды электронды білезік арқылы қадағаламақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 шілдеден бастап Гонконг билігі коронавируспен ауыратындарға және оқшауланатындарға электронды білезік тағуды міндеттейді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоааралық комиссия мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұндай шара ауруды жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулау ережелерін бұзбауы мен үйлерінен белгіленген мерзімнен бұрын шықпауы үшін қажет. Сонымен қатар, денсаулық сақтау органдары үкіметтік қосымшада жұқтырған адамдардың цифрлық сертификаттарын қызыл түспен белгілеу мүмкіндігін қарап жатыр», - делінген ВАК мәліметінде.
Гонконгта кеше COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 2 863 жағдайы анықталды.
Photo: en.kabar.kg