Гонконг полициясы екі әйелді өлтірген британдық банкирді тұтқынға алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгте екі әйелді өлтірді деген күдікпен Ұлыбритания азаматы тұтқындалды.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, екі әйелдің мүрдесі Ваньчай огругіндегі пәтерден табылған. Олардың бірінің мәйіті балконға шығарылған чемоданның ішінде болған. Екеуі де пышақ жарақатынан ажал құшқан.
Алдын ала божамға қарағанда, оларды өлтірген 29 жастағы әлемдегі ірі компаниялардың бірінің банкирі, деп хабарлайды The Independent .