Гонконгта 88 «айдаһар» жаңа жыл биін билейді

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Гонконг тұрғындары «айдаһар» киіміне оранып, Жаңа жыл мерекесін ғажайып шерумен атап өтпек.
None
None

Гонконг қаласының орталығына 88 «айдаһар» жиналып, дәстүрлі билерін орындайды.

Мерекенің ұйымдастырушылары бұл қойылым Гиннестің рекордтар кітабына енеді деп болжам жасап отыр.

Шығыс күнтізбесі бойынша 2012 жылдың билеушісі «айдаһарлардың» биіне 50 «арыстан» қосылатын көрінеді. Бұл «айдаһар» жыланы бамбук ағашынан жасалып, сары-қызыл маталармен қапталады. Кей кездерде бұл макеттің ұзындығы бірнеше ондаған метрге жетуі мүмкін.

«Айдаһарды» басқару қиын, мәселен оның басы 14 келіні құрайды, сондықтан да әртістер бірқалыпты ырғақпен қимылдаулары қажет.

Соңғы жаңалықтар