22:58, 16 Қазан 2016 | GMT +5
Гонконгта әлемдегі ең кәрі пандалардың бірі өлді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Цзя-Цзя есімді панда Қытайдың Сычуань провинциясында 1978 туған. Ол Гонконгта 38 жасында өлді, деп хабарлайды Би-би-си.

Бұған дейін оның жағдайы нашарлап бара жатқаны және екі апта бойы тамақ жемей қойғаны хабарланған.
Әдетте қамауда тұрған панда орташа 25 жас жасайтын. Мамандардың айтуынша, панданың бұл жасы адамдардың 114 жасына шамалас болып саналады.
Цзя-Цзя Гонконгқа 1999 жылы әкелінді. Ол 6 рет күшіктеген, қонжықтарының 4-еуі әлі тірі.