Гонконгта Брюс Лиге арналған көрме ашылды
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Гонконгтың билік өкілдері Шығыс жекпе-жегінің әйгілі шебері, киноактер, режиссер, продюсер,
сценарист Брюс Лидің өмірден өткеніне 40 жыл толуын кең көлемде атап өтуді ұйғарды. Қалада аса дарынды актердің құрметіне оның жеке заттарынан тұратын 600-ден астам экспонат қойылған көрме ашылды.
Көрме коллекциясындағы заттардың арасында өте сирек отбасылық суреттер мен «Өлім ойыны» деп аталатын Лидің соңғы түскен фильміндегі киген спорттық киімі де бар.