Гонконгта коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы анықталды

None
None
ЛОНДОН. ВВС-ҚазАқпарат – Гонконг университетінің ғалымдары коронавирусты қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталғанын хабарлады.

4,5 ай бұрын Covid-19-бен ауырып шыққан ер адамға осы диагноз екінші рет қойылды. Инфекцияны анықтауға қайтадан тест тапсыру кезінде пациенттен аурудың еш белгісі байқалмаған, деп хабарлайды ҚазАқпаратБи-би-си-ге сілтеме жасап.

Вирусты зерттеу оның РНҚ-сы алғашқы инфекцияны тудырған SARS-Cov-2 штаммының генетикалық кодынан айтарлықтай ерекшеленетінін көрсетті.

Ғалымдар Covid-19 вирусымен ауырған адамдардың вирусқа қарсы иммунитетке ие болатынын біледі, бірақ бұл қорғаныстың қаншалықты тиімді екені және қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз. Гонконгтағы пациенттің жағдайы бүкіл әлем бойынша 800 мыңнан астам адам қайтыс болған вирусқа қарсы иммунитеттің өте қысқа болуы мүмкін екенін көрсетеді.

33 жастағы Гонконг тұрғыны Covid-19-бен ауырып, сәуір айында ауруханадан жазылып шыққан, дәрігерлер оны аурудан толық айықты деп мәлімдеген. Алайда, тамыз айында Испаниядан сапардан оралғаннан кейін ол әуежайда міндетті тест тапсырған. Оның нәтижесі вирустың бар екенін тағы да растады.

Бұған дейін Қытай билігі вирустың қайта анықталуының бірнеше жағдайы туралы хабарлаған болатын. Олардың мәліметтері бойынша, науқастардың 5-15%-ы коронавируспен екінші рет ауырған. Бірақ бұл адамдар вирусты шынымен қайта жұқтырды ма, әлде олар бірінші рет ауырғанда толық емделмеді ме, ол жағы нақты емес. Бұлай сенімді түрде айту мүмкін емес.

Гонконгтегі пациенттен аурудың еш белгілері байқалмаған.

Егер адамдар жаңа вирусты бірнеше рет жұқтыруы мүмкін екені белгілі болса (мысалы, тұмау сияқты), тіпті, тиімді вакцина уақытында жасалса да бұл вакцинацияны айтарлықтай қиындатады.

Алайда, ДДҰ қандай да бір тұжырым жасауға әлі ерте дейді. Өйткені бізде қайта жұқтыру жағдайы жалғыз ғана.

Гонконгтық пациентті тексеру нәтижелері ғылыми әдебиеттерде әлі жарияланбаған, сондықтан бұл жағдайдың көптеген аспектілері әлі анық емес.


Соңғы жаңалықтар