Гонконгта Н7N9 құс тұмауын жұқтырған алғашқы адам тіркелді

БЕЙЖІҢ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Гонконгта Н7N9 құс тұмауы вирусын жұқтырған алғашқы адам тіркелді, деп хабарлады аталған Арнайы әкімшілік ауданының Денсаулық сақтау және азық-түлік ісі бойынша басқармасынан.

Гонконгта Н7N9 құс тұмауын жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Жергілікті билік өкілдері сақтық шараларын күшейтті. Вирусты Индонезиядан жұмысқа жалданған 36 жастағы әйел адам қараша айында Гонконгқа жақын Шэньжэнь қаласындағы базарлардың бірінде жұқтырған.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, науқастың жағдайы мүшкіл. Әйелмен араласқан адамдар ауруханаға жатқызылды, олардың төртеуінен аурудың жеңіл түрі табылған, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.