Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Гонконгта тайфун салдарынан жүздеген әуе рейстері тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хайма» Тынық мұхиты дауылы Гонконгқа жетті. Мегаполисте мектептер, мемлекеттік мекемелер, банктер мен кеңселер жабылды. Қор биржасындағы сауда тоқтады.

Гонконгта тайфун салдарынан жүздеген әуе рейстері тоқтатылды

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, он балдық шкаламен есептелетін дауылды ескертудің сегізінші деңгейі хабарланды.

Адуынды толқындардың кесірінен Макаодан Қытай қалаларына жүретін паромдық қатынас уақытша тоқтады. Чеп Лап Кок халықаралық әуежайында 500 рейстен бас тартылып, 189 әуе рейсін уақытша тоқтатты.

Тропикалық циклон Гуандун провинциясының жағалауына жылжып келеді.