10:00, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Гонконгта жасөспірімдер таңғажайып селфи түсірді - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш жеткіншек Гонконгтың биіктігі бойынша төртінші орындағы зәулім үйдің төбесінде видеоселфи түсірді. Олардың ролигі әлеуметтік желіде кең тарап кетті, деп жазады шетелдік БАҚ.

Tjournal.ru жазуынша, YouTube желісіне орналастырылған видео шамамен 300 мың реттей қаралған. Ал GIF-анимация форматындағы бұл видео Imgur сервисі мен Reddit сайтында 1,6 миллион рет қаралған.