Гонконгтағы өрт: жоғалдыға саналған 159 адамның аман екені анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Гонконг полициясы 26 қарашада Тай По тұрғын үй кешенінде болған ірі өрт кезінде хабар-ошарсыз жоғалды деп саналған тізіміндегі 159 адамның қауіпсіздігін растады, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.

Гонконгтағы өрттен қаза тапқандар саны 83-ке жетті
Фото: scmp.com

Жергілікті полиция өкілі Цзэн Шусянь баспасөз мәслихатында өрттен қаза тапқандар саны 146 адамға жеткенін, тағы 79 адам жарақат алғанын атап өтті.

Қытай Халық банкі зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ҚХР ішкі аудандарынан түсетін қытай юанімен қайырымдылық жасау үшін «жасыл дәліз» ашты.

Бұл шешім коммерциялық банктерге тиісті құжаттар мен ақпаратты тексермей-ақ қаражатты тікелей «Хунфуюань» қолдау қорының шотына аударуға мүмкіндік береді.

Тиісті деректер трансшекаралық юань төлемдерін басқару ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.

Гонконг билігі Тай По тұрғын үй кешенінде болған жойқын өрттің құрбандарын еске алу мақсатында қалада үш күндік аза тұту жариялады.

Сонымен қатар Гонконгтағы өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 25,7 мың доллардан төленетіні белгілі болды.

Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар