23:14, 25 Қазан 2015 | GMT +5
Гонконгтағы кеме апатынан 100-ге жуық адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгтан Макаоға бет алған кеме апатқа ұшырап, салдарынан 100-ге жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Кеме Лантау аралына жақын жерде «белгісіз нысанға» соғылған. Қазіргі кезде медицина қызметерлері зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр.
Кеме бортында барлығы 163 адам мен 11 экипаж мүшесі болған.