Гонконгтағы саудада «Кашмир қазынасы» жүзігі 6,7 млн. долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Sotheby's бәссауда үйіндегі сатылымда ең сирек әшекей бұйымдардың бірі - «Кашмир қазынасы» жүзігі сатылды.

Гонконгтағы саудада «Кашмир қазынасы» жүзігі 6,7 млн. долларға сатылды

Жүзікті жергілікті коллекционер 6,7 млн. долларға сатып алды. Бағалы лот гауһар және жақұт тастармен безендірілген, салмағы - 27,68 карат, деп жазады Reuters.

Сондай-ақ бәссаудада сұр түсті меруерттен жасалған алқа 41 миллион Гонконг долларына (5,27 млн. доллар) сатылды. Бұл өзінің жиһаз топтамасы, өнер заттары және зергерлік бұйымдармен танымал болған британдық ақсүйек Каудридің әшекей бұйымы еді. 2012 жылы дәл осы алқаны Лондондағы Christies сауда үйі 3,35 долларға сатып жіберген болатын.

Екі лот та Гонконг бәссаудасында бағалық рекордтар орнатты.

Фото: Sotheby's