Гонконгте 7 мың өңделген бөтелкеден алып шам құрастырылды
АСТАНА.15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Гонконгтық 4 сәулетші 7 мың өңделген бөтелкеден алып шам құрастырды,
деп хабарлайды 24.kz.
Айдың толу мерекесіне орай жасалған құрылыстың биіктігі 10 метр болса, диаметрі 20 метрді құрады. Судың ортасында орналасқан бұл алып нысанның ішіне бір уақытта 100 адам кіре алады. Құрастырушылар осылайша аспан асты елінің халқына аз да болса, айды жақындатпақ болғанын айтқан. Айта кетейік, құрылыс материалы ретінде 7000 бөтелкенің қолданылуы кездейсоқ емес. Құрастырушылардың айтуынша, Гонконг тұрғындары әрбір жарты сағат сайын осындай көлемдегі суды тұтынады екен.