Гонконгте Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі америкалық бомба табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгте Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қойылған 220-келілік бомба табылып, құрылыс алаңынан және оған жақын орналасқан ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды, деп жазды дүйсенбі күні South China Morning Post газеті.

 Гонконгте Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі америкалық бомба табылды

Айтылған орынға саперлер келді.

«Алдын ала зерттеулер көрсеткендей, бұл (Екінші дүниежүзілік) соғыстан қалған салмағы 500 фунттық, ұзындығы 120 сантиметрлік америкалық бомба болып шықты», - деп мәлімдеді жергілікті полиция өкілі. Оның айтуынша, бомбаны көшіру өте қауіпті, сондықтан оны сол жерде залалсыздандыру үшін қауіпті қару табылған жер 400 метрдей аумақта қоршалды.  

Фото: Сергей Гунеев