Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Гонконгтың бұрынғы басшысы сыбайлас жемқорлыққа айыпталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгта  Гонконг әкімшілігінің бұрынғы басшысы Дональд  Цангкқа қатысты сот басталды, ол сыбайлас жемқорлыққа айыпталуда. Цангкқа үкіметтің ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланды деген айып тағылуда, деп хабарлады Би-би-си. 

  Гонконгтың бұрынғы басшысы сыбайлас жемқорлыққа айыпталды

Ол   Гонконг әкімшілігін  2005 - 2012 жылдар аралығында басқарды. Айыптаушылар Цанг Wave Media  телекомпаниясының ірі акционерлерінің бірінен төмен бағаға пәтер жалдағанын нақтылауда. Содан кейін компанияға мүделлердің дау-дамайы туралы хабарламай, лицензия беруді мақұлдаған. Бұдан басқа, прокуратураның пікірінше, телекомпания Цангтың пәтерін әрлеуге ақы төлеген. Айыптаушылардың айтуынша, ол дизайнерді наградаға ұсынған. Цанг өз айыбын мойындамады.

Егер кінәсі мойындалса, нақты түрме мерзімін алуы мүмкін.