20:56, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Гонкур сыйлығы 10 жыл ішінде алғаш рет әйел адамға берілді
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы Гонкур сыйлығын 42 жастағы франко-сенегал жазушысы Мари Ндиайе (Marie NDiaye) «Үш қажырлы әйел» («Trois Femmes Puissantes») романы үшін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse сайтына сілтеме жасап.

Агенттіктің атап айтқанындай, соңғы 10 жыл ішінде алғаш рет әйел адамға және сыйлық тарихында тұңғыш рет - қара нәсілді әйелге берілген.
Сыншылар жылы қабылдаған және бестселлерге айналған «Үш қажырлы әйел» романы үш бөлімнен тұрады және Африка мен Батыс Еуропа тұрғындарының қарым-қатынастары туралы әңгімелейді.
Мари Ндиайе өзінің тұңғыш романын 17 жасында жариялаған болатын. Ол содан бері Франциядағы барынша танымал жазушыға және сценарийшіге айналды.