Өзбекстандық футболшы Хусанов Манчестер-Ситиде ойнауы мүмкін

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 40 млн еуро және бонустарға трансфер алуға келіскен Өзбекстан құрамасының орталық қорғаушысы Абдуқодир Хусанов «Манчестер Ситиге» ауысуда, деп хабарлайды ӨзА

Абдуқодир Хусанов
Фото: MadeinFOOT.com

Өзбекстандық футболшы Манчестерге «Манчестер Сити» жіберген жеке ұшақпен барды. Бүгін футболшы «Манчестер Ситиде» медициналық тексеруден өтеді деп күтілуде. Тексеріс сәтті аяқталса, жақын арада «МС» 20 жастағы футболшының ауысқанын ресми түрде жариялайды.

Егер бұл трансфер ресми түрде жарияланса, Абдуқодир Хусановтың бағасы Өзбекстан мен Орталық Азия футболшылары үшін жаңа рекорд ретінде жазылады.

Нәтижесінде, Англияның қазіргі чемпион клубының өзбек футболшысы үшін төлеген қаржысы барлық дерлік Азия елдерінің ұлттық құрамаларының жалпы құнынан қымбат.

Атап айтқанда, Азия футбол конфедерациясының мүшелері арасында жалпы құны 40 миллион еуродан асатын төрт-ақ ұлттық құрама бар.

«Transfermarkt» порталының мәліметінше, құрлығымыздың ең қымбат құрамасы Жапония, команданың жалпы құны — 280,5 миллион еуро.

Екінші орында Оңтүстік Корея құрамасы тұр. Бұл команда 158,15 миллион еуроға бағаланады. 47 миллион еуроға бағаланған Өзбекстан құрамасы үшінші орында.

Иран құрамасы төртінші орында.

Айта кетейік, А.Хусановтың ауысқаны туралы ресми мәлімдемеден кейін бұл баға бұрынғыдан да көтеріледі.

Азия футбол конфедерациясына кіретін қалған 43 елдің ұлттық құрамаларының жалпы құны «Манчестер Ситидің» Абдуқодир Хусанов үшін төлеген гонорарына тең келе алмайды.

Осы уақытқа дейін Еуропа құрлығының үздік бес чемпионатының гранд-клубтары Азия елдерінен тек Жапония мен Оңтүстік Кореядан келген футболшылар үшін қомақты қаржы төлеп келген. Өзбекстан футболшылары арасында Абдуқодир Хусановтан бөлек тек «Рома» ғана Элдор Шомуродов үшін 2021 жылы 19,6 миллион еуро жұмсаған.

Еске сала кетейік, Иван Дычкомен жекпе-жек өту-өтпеуі жайлы Баходир Жалолов түсінік берді

Соңғы жаңалықтар