Гонсалес Головкин -Уэйд шоуы кезінде айқасқа шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген никарагуалық бокшы Роман Гонсалес 23 сәуірде Головкин-Уэйд шоуының аясында рингке шығады, деп жазды Sports.kz.

Гонсалес Головкин -Уэйд  шоуы кезінде айқасқа шығады

Бұл туралы Гонсалес Манагуада өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады notifight.com.

«Дәл қазір кіммен жұдырықтасатыным белгісіз. Бірақ келесі жекпе-жегім 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтеді. Мен Хуан «Чурритос» Эрнандеспен жекпе-жекке шыққым келеді, себебі оның қисынды қимылдары бар. Тартысты айқас болар еді. Қарсыласым кім болатыны маңызды емес, мен титулды қорғауға жан-тәніммен дайындалатын боламын», - деп мәлімдеді боксшы.