Google 2011 жылы өзінің штатын 25 пайызға ұлғайтып, 6 мыңнан астам қызметкер жалдауды жоспарлауда
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Google 2011 жылы өзінің штатын 25 пайызға ұлғайтып, 6 мың 200-ден астам қызметкер жалдауды жоспарлауда,
деп хабарлайды РБК Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта компанияда 24 мың 400 адам жұмыс істейді. Google өкілдері жалданған қызметкерлердің қаншасы - АҚШ компаниясының бөлімшелерінде, қаншасы - шетел бөлімшелерінде жұмыс істейтінін нақтылаған жоқ.
Google-дің 30 мемлекетте 60-тан астам өкілдіктері бар.
Google штатын өсіретіні туралы ақпаратпен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында Yahoo! компаниясының қызметкерлерін 100-ден 150-ге дейін қысқартатыны туралы хабарланды. Ол корпорацияда жұмыс істейтін қызметкерлердің шамамен 1 пайызды құрайды.
Google американдық интернет жүйесіндегі іздеу компаниясы. Әлемде танымалдығы жөнінен алғашқылардың қатарында. Ол айына 41 млрд. 345 млн. сауалды өңдеп (нарықтағы үлесі 62,4 пайызы), 8 миллиардтан астам web-бетті индекстейді. Одан 191 тілде ақпарат табуға болады. Компанияның штаб-пәтері Маунтин-Вьюде (Калифорния штаты) орналасқан.