Google 3D-түсірілім функциясы бар планшет шығарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Google 3D-түсірілім функциясы бар Project Tango планшеттерін шығарады, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Google 3D-түсірілім функциясы бар планшет шығарады

Келтірілген деректерге қарағанда, келер жылы компания аталмыш құрылғының 4000 данасын шығаруды жоспарлап отыр.

Google шығаратын жаңа планшеттің көлемі 7 дюйм (1 дюйм - 25 мм шамасында), оның артқы панелінде бейнекамера мен түсіріліп жатқан объектіге дейінгі арақашықтықты өлшей алатын инфрақызыл қондырғы орнатылады.

Естеріңізге сала кетейік, Google ақпан айында Tango прототипінің таныстырылымын өткізген болатын.