Google «ақылды техниканы» өндіруші Nest компаниясын 3,2 млрд. долларға сатып алады

АСТАНА . 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Америкалық Google корпорациясы жоғары технологиялық термостаттар мен өрт сөндіру дабылдарын өндіруші Nest Labs компаниясын 3,2 млрд. АҚШ долларына сатып алмақ.

Google «ақылды техниканы» өндіруші Nest компаниясын 3,2 млрд. долларға сатып алады

Nest компаниясының негізін Apple-нің бұрынғы инженерлері қалаған болатын.

Бұл - Google-нің ұялы телефон өндіруші Motorola компаниясын сатып алғаннан бергі ең ірі келісімшарты.

Өткен жылы Google әскери роботтарды шығаратын Boston Dynamics және адам қимылдарын тануға қауқарлы технологиялармен айналысатын Flutter компаниясын сатып алған еді.