«Google» бәсекелестікті бұзды - Еуроодақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еурокомиссия АҚШ-тың Google компаниясы өз өнімдерін алға жылжытуда бәсекелестік шартын бұзды деп айыптады, деп жазады «ВВС» агенттігі.

«Google» бәсекелестікті бұзды - Еуроодақ

Бәсекелестік бойынша еурокомиссар Маргрет Вестагердің сөзіне қарағанда, Google «іздеуге» өз өнімдерін ұсынады. Бұл - оның пікірінше, әділетсіз әрекет. Сонымен қатар, Еурокомиссия Google-ге тиесілі Android жүйесі бойынша тергеуді бастады. Олардың пайымынша, мұнда монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы орын алуы мүмкін. Алып It-компанияға алты миллиард доллардан астам айыппұл салынуы мүмкін.