Google басшысы әлемдік БАҚ-тың ең ықпалды тұлғасы деп танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондық The Guardian газетінде әлемдік бұқаралық медианың 100 ең ықпалды тұлғаларының тізімі жарияланды. Биыл рейтингті Google компаниясының негізін қалаушылардың бірі, оның атқарушы директоры Ларри Пейдж бастап тұр, деп хабарлады ТАСС.
None
None

Рейтингтің екінші орнын Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг алды. Үшінші орында - Apple компаниясының басшысы Тим Кук.

Төртінші орында - Би-би-си мультимедиялық тобының басшысы Тони Холл, Бесінші орында Amazon-ның атқарушы директоры Джефф Безос тұр.

Соңғы жаңалықтар