Google экстремистік видеолардың YouTube-те таратылуына қарсы күресті күшейтпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Alphabet холдингіне кіретін америкалық Google компаниясы YouTube интернет-сервисіндегі экстремистік видеолардың таратылуына қарсы күресті күшейтуде. Бұл туралы жексенбі күні Маунтин-Вьюдағы компанияның штаб-пәтерінде (Калифорния штаты) жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ТАСС.

Google экстремистік видеолардың YouTube-те таратылуына қарсы күресті күшейтпек

Google компаниясы мәлімдегендей, корпорация жуық арада терроризм мен басқа да экстремистік мазмұндағы видеоларды автоматты түрде анықтап, өзі өшіріп отыратын құралды жаңартып, оның жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, компания мұндай таспаларды іздеп, оларды өшіріп отыратын қызметкерлер санын арттыруды көздеп отыр.

Бұдан бөлек, Google интернеттегі экстремистік материалдардың таратылуымен күресін қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты жандандырмақ ниетте.