22:47, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +6
Google Испаниядағы жаңалықтар қызметін жапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google компаниясы Испаниядағы Google News жаңалықтар агрегаторын жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ВВС.
Оған компаниядан Испания БАҚ-тарының материалын орналастырғаны үшін төлем алуды талап ететін жаңа заң қабылдануы себеп болған.
Заң қаңтар айында күшіне енеді.
Сервис 16 желтоқсанда жабылады. Компания сондай-ақ, Google News-тің халықаралық нұсқаларынан Испания ақпарат құралдарының барлық жаңалықтарын өшіреді.