Google компаниясы жүздеген қызметкерін жұмыстан шығарады

Alphabet-ке тиесілі Google компаниясы қаңтар айын қызметкерлерді қысқартудан бастады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

гугл
Фото: pixabay

Google сейсенбіде жарнама сату тобынан жүздеген қызметкерін жұмыстан шығаратынын мәлімдеді.

Өткен аптада Google Voice Assistant-тегі жүзден астам қызметкерді жұмыстан шығаратынын, Pixel, Nest және Fitbit-ке жауапты топтардағы қызметкерлерді қысқартатынын жеткізді. Қысқарту орталық инженерлік топқа да ықпал етеді.

Amazon.com компаниясы да өткен аптада бірнеше жүздеген стриминг және студия қызметкерлерін, сондай-ақ Twitch платформасының 500 қызметкерін жұмыстан шығаратынын хабарлады.

2023 жылдың қаңтарында Alphabet 12 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарын жариялады.