15:46, 16 Наурыз 2016 | GMT +5
Google компаниясы пайда тапқысы келетіндерге 100 мың доллар ұсынып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google компаниясы пайда тапқысы келетіндерге 100 мың доллар ұсынып отыр. Өкінішке қарай, бұл олжаға қол жеткізу оңай болмайды. Ол үшін Chrome OS ашық бағдарламалық қамтылымы орнатылған ноутбукті бұзып ашу керек.

Google бұрыннан өзінің өнімінің осал тұстарын табу үшін сыйақы ұсынып келеді. Әдетте бұл 500 -1000 доллардан аспайды. Алайда қомақты қаржы берілмеген.
Бұған дейін Chromebook-ті бұзу үшін корпорация 50 мың доллар ұсынған. Алайда бір жылда Google платформасының кемшін тұсын тапқан ерікті хакерлер болмады. Енді компания бұл соманы екі еселеді. Себебі бұрын бейқамдық танытқан мамандар енді ынталана түседі деген ой бар.